Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне әлсіз қарсылас таңдады
©
Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды.
Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды.
Лукас келесі айқасын 30 мамыр Таиланд астанасы Бангкокта өткізеді. Ал қарсылас индонезиялық Харма Йести (1-3-1, 0 КО).
"Саған біздің бокс мектебі не екенін көрсетемін! Бұл менің кәсіпқойдағы он бірінші жекпе-жегім. Кеттік! Рейтингтік айқас", - деп жазыпты Лукас Instagram желісінде.
Лукас кейінгі рет 25 сәуір Бангкокта жұдырықтасып, үндістандық Мамта Сингхті (5-2, 2 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді. Осы жеңіс арқасында қазақстандық боксшы WIBF және WBF титулдарын иеленді.
Жарнама