Бокс
2 желтоқсан 12:53

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жекпе-жекке шыға алмады

©

Қазақастандық боксшы Алуа Балқыбекова Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсете алмайтын болды. 

Қазақстан бокс федерациясының ақпараты бойынша, Балқыбекова өзін нашар сезінуіне байланысты жекпе-жекке шыға алмады. 

“Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды”, - делінген дәрігер анықтамасында.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport