Осылайша, бірінші ауры салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір (6-0, 6 КО) малавилік Мусса Аджибумен (28-14-5, 24 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде IBA Asia белбеуі сарапқа салынады.
Сонымен бірге, бұл кеште рингке ауыр салмақта жұдырықтасатын Уалихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкийге (0-3) қарсы шығады.
Ал 19 жастағы Лаура Есенкелді (0-1) кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Елена Выстропова.