Бокс
30 қыркүйек 2022 09:14

Қазақстандық боксшы Антикорда немен айналысатынын айтты

©ҚБФ

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында Антикордағы жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстан құрамасының белді боксшысы шенді қызметке тағайындалды

"Жұмысқа шыққаныма екі күн ғана болды. Бірақ көргенімді айтайын, атқаратын жұмыс бар. Болашағымыз шуақты деп ойлаймын. Міндет әзірге жеңіл көрінді. Қызметкерлердің физикалық денсаулығы мен физикалық функционалын арттыру. 

Қалай дегенмен олар жұмысының негізгі бөлігін отырып істейді, қозғалыс аз. Тағы бір міндет - спортты жалпыландыру", - дейді 34 жастағы бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі.

Дегенмен Василий - бапкер емес, оның басты міндеті жалпы спорттық дайындық жоспарын құру екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport