Қазақстандық батыр ана кіші ӘЧ финалына алғашқы болып жетті

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуропадағы ең көне турнирді беделіне қарап, кіші әлем чемпионаты деп те атап кеткен.
Қазақстан құрамасынан финалға жолдама үшін алғашқы болып Әйгерім айқасты
Бүгінгі бұрымдылар арасындағы жартылай финалдық кездесулерді бірінші болып бастаған 48 келіде өнер көрсететін Әйгерімнің қарсыласы ирландиялық Сиару Уолш болды. Үш раунд қортындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық бкосшыға берді. Әйгерім қарсыласын таза жеңіп отыр - 5:0.
Әйгерім жәй ғана боксшы емес
Айта кетейік, Сәттібаева батыр ана атануға аз қалған боксшы. !йгерімнің бес баласы бар. Ол ұлттық құрамаға былтыр қайта қосылған болатын.
Жарнама