Қазақстандық Азия чемпионы келесі айқасында 8 нокауты бар африкалықпен жұдырықтасады
Сурет: Suleimen Promotions
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (3-0, 2 КО) кәсіпқойдағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (3-0, 2 КО) кәсіпқойдағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бек 20 мамыр Новосибирскте өтетін бокс кешіне қатысады. Ал қарсылас танзаниялық Тваха Касим (17-8КО-7) болады.
Жекпе-жек сегіз раунд форматында және жартылай ауыр салмақ лимитінде өтеді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі төртінші кездесуі болатынын айта кетейік.
Бек кейінгі рет былтыр желтоқсанда жұдырықтасып, 31 жастағы ганалық Эммануэль Дансоны жеңген болатын.
Бек Нұрмағанбет 2019 жылғы Азия чемпионы. Ал былтыр маусымда ол Қазақстан құрамасынан кеткен болатын.
Жарнама