Бокс
30 желтоқсан 11:23

Қазақстандық әуесқой боксшылар Азияда ең мықты деп мойындалды

©instagram.com/qaz_team_official

Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты, деп хабарлайды msports.kz сайты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинация жарияланып, оның ішінде Қазақстан 4 аталымда жеңімпаз деп танылды. 

Қазақстан бокс федерациясы Азияның үздігі атанды. Ал ерлер арасындағы үздік боксшы марапатына қазақстандық Сағындық Тоғамбай ие болды. 22 жасқа дейінгі жастар арасында Темірлан Мұқатаев үздік деген номинация алды. 

Жастар арасындағы үздік боксшы марапатына 67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Төрехан Сабырхан ие болды. Ол жуырда ғана ересектер арасына ауысып, Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport