Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) титулды жекпе-жеке дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.
IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған Тұраров келесі жекпе-жегін 10 желтоқсан Алматыда өткізеді.
Оның қарсыласы 38 жастағы жапониялық боксшы Акихира Кондо (37-11-2, 21 KO) болады. Жеңіліп көрмеген Жанқош пен Кондо қазақстандықтың белбеуінен бөлек WBA Gold титулын да сарапқа салады.
Еске салайық, Тұраров IBO белбеуін мексикалық Алехандро Менесесті (16-6, 9 KO) нокаутқа түсіріп, жеңіп алған болатын.