Бокс
6 қараша 2022 01:11

Қазақстандық әлем чемпионы Азия біріншілігінде сүрінді

©olympic.kz

Бокстан 2016 жылғы әлем чемпионы Валентина Хальзова Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

75 келі салмақтың ширек финалында Хальзова үндістандық Ловлин Боргохаинге жеңілді. Есеп 2:3.

Осылайша, Қазақстан құрамасы сары құрлық додасында екінші спортшысынан айрылып отыр.

5 қараша күні рингке шыққан қыздарымыздың арасында 63 келі салмақтың өкілі Аида Әбікеева ширек финалда қарсыласынан айласын асыра алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport