22 тамыз Қарағандыда өтетін бокс кешін Qazsport арнасы тікелей көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 18:00-де басталады.
Бұл кеште қазақстандық екі боксшы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді. Осылайша, 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев өзбекстандық Бахит Абдурахимовпен (10-14, 4 КО) жұдырықтасады. 2021 жылы жастар арасында әлем чемпиоын болған Сабыржан Аққалыков та Өзбекстан өкілі - Шовкат Халиловпен (7-4, 1 КО) жекпе-жекке шығады.