Бокс
28 сәуір 2021 11:06

Қазақстанда? Головкин мен "Канело" бейтарап аймақта айқасу қажет екені айтылды

Сурет: Bloody Elbow

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) екі жекпе-жекте де мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (55-1-2, 37 КО) жеңді. Екінші орта салмақта WBO чемпионы болған Роберт Штиглиц USACHEV TV YouTube арансына берген сұхбатында осындай пікір білдіріп, үшінші жекпе-жек қажет екенін айтты.

- Әрине, үшінші айқасты көргім келеді. Қалай болғанда да. Мүмкін бір бейтарап орында. Ресейде, мәселен. Немесе Еуропа, Мексика мен Қазақстанда болсын. Америкада жаттығады. Ал жекпе-жекті Еуропада өткізсін. Англияда да болады.

Гена оралады деп үміттенемін. Бұл жігітте бір жеңіліс бар, оны міндетті түрде түзеу қажет. 

- Ал екі жекпе-жекте сіздіңше кім жеңді?

- Мен үшін біріншісі мен екіншісінде де Гена жеңді. Мен Генаның жеңілгенін көрмедім. Болды. Бұл саясат және бокс гэшефт.