Қазақстан тумасы келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыласының есімін білді
Қазақстанда туған ресейлік боксшы Сергей Липинец (16-1-1, 12 KO) 10 сәуірде келесі жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлап отыр.
Қазақстанда туған ресейлік боксшы Сергей Липинец (16-1-1, 12 KO) 10 сәуірде келесі жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлап отыр.
Қарсылас америкалық Джарона Энниса (26-0, 24 КО). Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Анкасвилле қаласындағы бокс кешінде өтеді деп жоспарланған.
Кейінгі рет Липинец қазан айында канадалық Кастио Клейтонмен жұыдырықтасып, тең түскен еді (115-113 Клейтон және екі рет 114-114).
Еске салайық, Липинец Ақтөбе облысының Мартұқ ауылында дүниеге келген. Ал анасы қазақ екенін өзі де айтқан. Кәсіпқой рингте Липинец Ресей атынан шығады, алайда, америкалық БАҚ оны жиі қазақстандық боксшы деп атайды.
Жарнама