Қазақстан тумасы Головкинді айқасқа шақырған 22 нокауты бар чемпионмен жұдырықтасады
Орта салмақта WBA "уақытша" чемпионы британиялық Крис Юбенк (30-2, 22 КО) 2 қазан Лондондағы SSE аренасында өтетін жекпе-жегіне жаңа қарсылас тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBA "уақытша" чемпионы британиялық Крис Юбенк (30-2, 22 КО) 2 қазан Лондондағы SSE аренасында өтетін жекпе-жегіне жаңа қарсылас тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Юбенктің мұның алдындағы қарсыласы - неміс боксшы Свен Элбир (18-1-0, 14КО) COVID-19 індетіне шалдығыпты.
Енді оның орнына WBA ұйымының екінші орта салмақ рейтингінде жетінші тұрған Анатолий Мұратов (24-2-1, 17 КО) шығады. Германияда тұрып жатқан Талдықорған тумасы резервте болған және 9 қазандағы өзге жекпе-жекке дайындалып жатқан еді. Енді ол титул сарапқа салынатын маңыздырақ айқасқа шығатын болды.
33 жастағы Мұратов - орта салмақта WBA Intercontinental титулының иегері болған және жартылай орта дивизионда Германия чемпионы.
"Бұл мен үшін ғажайып сәт. Уэмблиде айқасу мен үшін мақтаныш. Кез келген уақытта кіммен болсын жұдырықтасуға дайынмын. Жеңіс үшін ғана шығамын, оған барымды саламын", - деп береді Мұратовтың сөзін Boxingscenе.com.
Ал Юбенктің өзі былай деді: "Қарсылас өзгерді, бірақ, мақсат қалды: 2 қазан — менің күнім, менің жолымда ештеңе кедергі бола алмайды".
Жарнама