Бокс
13 ақпан 2019 11:32
 
Қазақстан тумасы абсолют чемпион атағы үшін жұдырықтасатыны ресми жарияланды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тумасы абсолют чемпион атағы үшін жұдырықтасатыны ресми жарияланды Кристина Хаммер (сол жақта) және Кларесса Шилдс. © freep.com

Қазақстанда туған германиялық боксшы қыз Кристина Хаммер (24-0, 11 КО) және америкалық Кларесса Шилдс (8-0, 2 KO) орта салмақта абсолют чемпион атану үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Showtime арнасы жекпе-жек туралы ресми мәлімдеді және АҚШ-та өтетін бұл оқиғаның тікелей трансляциясын жүргізеді. Бокс кеші 13 сәуір Атлантик-Ситидегі Boardwalk Hall аренасында өтеді.

Алдағы жекпе-жекте Хаммер WBO, ал Шилдс -WBC, WBA (Super) және IBF белбеулерін қорғайды. Бастапқыда боксшылар былтыр 17 қарашада жұдырықтасады деп жоспарланған еді, алайда, дәрігерлер германиялық спортшыға рұқсат бермеді. 

28 жастағы Хаммер Қарағанды облысындағы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасы Германияға көшіп, қазір Дортмунд қаласында тұрады. Кәсіпқой боксқа Хаммер 2009 жылы ауысты, ал бір жыл өте, 20 жасында WBO белбеуін жеңіп алды. Тоғыз жылда ол үш салмақта чемпион болды. 

23 жастағы Шилдс екі дүркін Олимпиада чемпионы болған. 2017 жылы кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде-ақ екінші орта салмақ чемпионы атанды, ал орта дививзиондағы барлық белбеуін 2018 жылы жеңіп алған. 

Жарнама

Живи спортом!