Қазақстан Олимпиададағы бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасындағы бокстан қазылыққа ресми шағым түсірді.
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасындағы бокстан қазылыққа ресми шағым түсірді.
"Қазақстанның ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жектеріне қазылық еткен кейбір төрешілер күдік тудырғанына қатысты PBU (Paris boxing Unit) ұйымынан бұрмалау болғаннына назар аударуын сұрады.
Олимпиадада бокс турнирін ұйымдастуршылар ескертулерді назарға алып, жағдайдың мән-жайын анықтауға уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты тексеріс басталды.
Дегенмен атап өту керек, аталған процедура жекпе-жек қорытындысына еш әсер етпейді. Регламентке сәйкес, өткен жекпе-жектердің нәтижесі қайта қаралмайды. Ал төрешілер жұмысынан қателік анықталса, олар жарыстан шеттеледі", - делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Жарнама