Бокс
6 наурыз 2020 14:21

Қазақстан мен Өзбекстан қарсылығы. Алматыда 14 жекпе-жек жоспарланған кәсіпқой бокс кеші өтеді

Алматыда көптеген қазақстандықтардың қатысуымен кезекті бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Шоу өткізілетін орын ретінде Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараты белгіленді. Бұл бокс кешіне 14 жекпе-жек жоспарланған. Ал басты кездесуде Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) бірінші ауыр салмақ лимитінде өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевпен (10-1-7, 7КО) жұдырықтасады.

"Осындай жарыстар арқасында боксшылар шыңдала түседі. Әркім де әлемдік рингті бағындырып, чемпион атанғысы келеді. Біз осыған септесуге тырысамыз. Кәсіпқой бокстың қазақстандық комиссиясы арқасында біздің шаралардың ресми статусы бар. 

Биылдыққа осындай кештерді көбірек өткізуге тырысамыз. Өйткені бұл кәсіпқой бокстың дамуы мен кеңінен таралуына ықпал етеді. 

25 наурызда өтетін кәсіпқой бокс кеші біздің промоутерлік компанияның үшінші шарасы", - дейді ұйымдастырушы әрі Tukeshov Boxing Promotion компаниясының басшысы Жалғас Түкешов. 

Бұл кеште рингке Арман Рысбек, Нұрлан Сабыров және өзге де боксшылар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, кардта әйелдер арасындағы жекпе-жектер де өтеді.