Қазақстан құрамасының экс капитаны чемпиондық жекпе-жек кардында айқасады

Бокстан Қазақстан құрамасының экс капитаны Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) 5 қараша рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Қазақстан құрамасының экс капитаны Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) 5 қараша рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Абылайхан Миннеаполистегі бокс кешінің кардында айқасады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) WBA чемпионы кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6 КО) жұдырықтасады.
BoxRec мәліметінше, Жүсіповтің қарсыласы америкалық Демаркус Лейтон (8-3-1, 5 КО) болады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Айта кетейік, Жұсіпов - әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021), сонымен бірге, Азия чемпионатының күмсін де иеленген (2017).
Жарнама