2020 жылғы Олимпиадаға жолдама ойнатылатын Амманда өтіп жатқан аймақтық турнир финалында қазақстандстандық Закир Сафиуллин [63 келіге дейін] Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Елнұр Әбдірайымовтен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
33 жастағы Сафиуллин өзбекстандық боксшыдан төрешілер шешімімен жеңілді - 3:2. Осылайша, ол Иорданияда өткен лицензиялық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Закир Сафиуллин осыған дейін Токио Олимпиадасы жолдамасын иеленіп үлгерген еді.