Қазақстан құрамасының боксшысы бірінші рет кәсіпқой рингте айқасады
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы боксшының менеджері Жанпейіс Назарғали Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында айтты.

"23 ақпан Ақтауда Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасы өтеді. Бұл алты раундты жекпе-жек болады. Қарсылас кім болатынын кейінірек ресми түрде жариялаймыз.
Нұрқанат толықтай кәсіпқойға өтеді деуге әлі ерте. Ол әуесқойда өнер көрсетуін жалғастыратын шығар", - дейді менеджер.
Нұрқанат 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 75 келіде Қазақстан біріншілігінің вице-чемпионы.
Жарнама