Бокс
5 қаңтар 12:20

Қазақстан құрамасындағы бірінші нөмірлі боксшы кәсіпқойға кетті: ол Альваресті нокдаунға түсірген

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы кәсіпқой рингте бақ сынап көрмек.  

Қазақстан құрамасындағы 63,5 келіде нөмірі бірінші боксшы 1 ақпан Таиланд астанасы Бангкокта өтетін бокс кешіне қатысады. Бұл турнирді қазақстандық Irfin Promotions промоушені TL Boxing Promotion-мен бірге ұйымдастырады. 

Мұхамедсабырдың қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске салайық, 22 жастағы қазақ боксшы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиадаға қатысып, 1/4 финалға дейін жетті.

Бангкокта өткен Олиимпиадаға іріктеу турниріндегі 1/4 финалда Базарбайұлы кубалық Эрисланди Альвареспен жұдырықтасып, оны нокдаунға түсірген болатын, алайда, жеңіліп қалды. Дегенмен жұбаныш финалында жеңіске жетіп, олимпиадалық лицензияны иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport