Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Sport+ арнасына берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты.
"Алдағы жоспарым – кәсіпқой боксқа ауысу. Алланың қалауымен бұл деңгейдегі дебютімді мамыр айында өткіземін. Негізі Белградта өткен Әлем чемпионатынан кейін ауысамын деген ой болған, бірақ менің бапкерім алдымен Олимпиадада бағымызды сынап көрейік деген еді. Содан кейін шешімді асықпай қабылдармыз деген келісім болды.
Енді қазір менің салмағымдағы лицензияға басқа боксшы таласатын болғандықтан, мен кәсіпқой боксқа ауысуды шештім. Қандай бокс кешінде, қарсылас кім болады – оның бәрін алдағы уақытта жария етеміз", - дейді боксшы.
Санатәлі Төлтаев 2021 жылы (Белград, Сербия) және 2023 жылы (Ташкент, Өзбекстан) өткен бокстан екі Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.