Қазақстан құрамасына алғаш қосылған боксшы Ташкенттегі бірінші айқасында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Ташкенттегі әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Ташкенттегі әлем чемпионатындағы бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келідегі 1/32 финалда Талғат таиландтық боксшы Сакда Руамтаммен айқасты. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді келесі кезеңде Сырымбетов иорданиялық Мохаммед Абу-Джаджехпен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Талғат Сырымбетов Қазақстан құрамасының сапында алғаш рет жарысқа қатысып отыр.
Жарнама