Бокс
27 наурыз 2023 10:11

Қазақстан құрамасы биылғы ӘЧ-де кейінгі 7 жылдағы ең жақсы көрсеткішіне жетіпті

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстан құрамасы Нью-Делиде өткен 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатында жақсы көрсеткішке жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның бұрымды боксшылары бұл жарыста алты жүлде - екі күміс және төрт қола иеленді. Бұл 2016 жылы Астанада өткен ӘЧ-ден кейінгі ең жақсы көрсеткіш екен. Ол кезде құрама қоржынына төрт алтын және екі қола түскен. 

Одан кейін көрсеткіштер қатты құлдырап кетті. Мәселен, 2018 жылы Үндістандағы әлем біріншілігінде еліміздің қоржынына тек бір күміс пен бір қола ғана түсті. 2019 жылы Улан-Удэде - екі қола, ал былтыр Ыстамбұлда - бір күміс пен төрт қола болған еді. 

Еске салайық, биылғы ӘЧ-ге Қазақстан 12 салмақта боксшы апарды. Жүлделік есепте құрамамыз сегізінші болды. Ал көш басында ринг қожайындары - төрт алтын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport