Болгария астанасы Софияда кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бокстан Странджа кубогі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан бұл жарыста тек екі жүлде еншіледі: 57 келіде Оразбек Асылқұлов күміс иеленді, ал 75 келіде Нұрқанат Райыс қола алды. Бұл жарысқа Қазақстан 12 боксшы әкелген еді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жетінші орынды Италия (0-1-1) және Түркиямен (0-1-1) бөлісіп тұр. Көш басында Өзбекстан - жеті алтын, төрт күміс және бес қола. Екінші орында Болгария (4-1-1), ал үшінші орынды АҚШ (1-0-2) түйіндеп тұр.
Мысал үшін, Странджа кубогінде былтыр Қазақстан тоғыз жүлде жеңіп алған - екі алтын, екі күміс және бес қола жүлде. Ол кезде де Өзбекстан бірінші болды, ал біздің команда Ресеймен бірге екінші орынға тұрақтаған болатын.
Странджа кубогінің жүлделік есебі:
1. Өзбекстан — 7-4-5
2. Болгария — 4-1-1
3. АҚШ — 1-0-2
4. Бразилия — 1-0-1
5. Армения — 0-2-2
6. Үндістан — 0-1-2
7. Қазақстан — 0-1-1
7. Италия — 0-1-1
7. Түркия — 0-1-1
10. Аргентина — 0-1-0
10. Эквадор — 0-1-0
12. Грузия — 0-0-2
12. Дания — 0-0-2
14. Қытай — 0-0-1
14. Аустралия — 0-0-1
14. Ирландия — 0-0-1
14. Польша — 0-0-1
14. Грекия — 0-0-1
14. Әзірбайжан — 0-0-1.