Бокстан Қазақстан чемпионатында 49 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кездесу сенсациямен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
18 жастағы Даниал Сәбит WSB (2015) және Азия (2013) чемпионы болған 32 жастағы Теміртас Жүсіповті 5:0 есебімен жеңді.
Мұның алдында бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев чемпионаттың аралық қорытындысын жасап, ұлттық команда құрамы он пайызға жаңаратынын айтқан.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңіске жеткен боксшылар:
52 келіге дейін 19 жастағы Махмуд Сабырхан;
57 келіге дейін Серік Теміржанов;
60 келіге дейін Саматәли Төлтаев;
63 келіге дейін Ертуған Зейнуллинов;
69 келіге дейін Абылайхан Жүсіпов;
75 келіге дейін Әбілхан Аманқұл;
81 келіге дейін Бекзат Нұрдәулетов;
91 келіге дейін Айбек Оралбай;
91 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқабаев.