Қазақстан бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасына екінші жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Оның иегері Қамышбек Қоңқабаев.
Ханчжоудағы турнирдің жартылай финалында 92 келідегі қазақстандық боксшы үндістандық Нарендерді жеңді.
Айта кетейік, финалға шыққан боксшылар Олимпиада лицензиясын кепілді түрде алады. Мұның алдында 57 келідегі қазақстандық бұрымды боксшы Карина Ибрагимова бірінші лицензияны жеңіп алған еді.