Қазақстан бокстан Олимпиада алтынын қашан алатыны айтылды
2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Sport Plus Qazaqstan порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың Парижден алтын ала алмай келгеніне қатысты ойын айтты.
2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Sport Plus Qazaqstan порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың Парижден алтын ала алмай келгеніне қатысты ойын айтты.
"Кейінгі екі Олимпиадада Қазқастанда бокстан чемпион жоқ. Бірақ өмір өзгермелі ғой. Мен де Лондон Олимпиадасына қатысып, ширек финалда бесінші орын алдым. Екі жекпе-жекте үстем болып, үшіншісінде жеңіліп қалдым. Кейін қателіктерімді анықтап, түзеп, чемпион бола алдым. Сол сияқты біздің боксшылар да қате-кем жерлерін түзеп, келесі Ойындарда жақсы өнер көрсетеді деген сенімдемін.
Өмірде бәрі болады, оларға уақыт беру керек. Сондықтан мен Қазақстанда бокстан Олимпиаданың алтын жүлделері әлі де болады деп ойлаймын.
Жарнама