Бокс
31 қазан 2019 17:38

Қазақстан боксшылары Токидодағы турнирде екі алтын жеңіп алды

© kfb.kz
Қазақ боксшылары Жапония елінің астанасы Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындары өтетін спорттық нысанды сынақтан өткізу мақсатында ұйымдастырылған бәсекеде төрт медаль жеңіп алды. Оның екеуі - алтын, екеуі - күміс.

91 килоға дейінгі салмақта Айбек Оралбай жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда бразилиялық боксшыдан басым болды. Екінші алтын медальды 52 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов иеленді.

63 кило салмақта жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев күміс жүлдені еншіледі. Қыздар арасында Римма Волосенко (60 кило) екінші орыннан көрінді.