Бокс
10 сәуір 21:19
 

Қазақстан боксшылары бір уақытта екі халықаарлық турниге қатысады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан боксшылары бір уақытта екі халықаарлық турниге қатысады ©ҚБФ

Ресейдің Кисловодск қаласында Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен бокстан Қазақстан құрамасының біріккен оқу жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды ҚБФ

blog.share

Ресейдің Кисловодск қаласында Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен бокстан Қазақстан құрамасының біріккен оқу жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды ҚБФ

Бұл лагерде болған қазақстандық команда сәуірдің 14 мен 20 аралығы Хабаровск қаласында өтетін Константин Коротковты еске алуға арналған халықыралық турниге қатысады.

Бұл турнирде жүлде үшін Ресей, Моңғолия, Тунис, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан, Сенегал, Конго, Кубу, Қытай, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Беларус, Грузия, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан 150 боксшы айқасқа түседі. 

Ал Бакуде жаттығу жиынын өткізген қазақстандық боксшылар өзге халықаралық турнирге - "Жібек жолы" атты дәстүрлі жарысқа қатысады. Бұл сайыс сәуірдің 10 мен 16 аралығы Әзірбайжанда болады.

Хабаровскіде өнер көрсететін қазақ боксшылар Теміртас Жүсіпов (48 кг), Бекзат Алдамжаров (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Дәулет Молдашев (57 кг), Бейбарыс Жексен (60 кг), Жандос Қыдыралиев (63,5 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 кг), Фарух Тоқтасынов (71 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг), Саңындық Тоғамбай (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (+92 кг).

Төменде Қазақстанның екі турнирге қатысатын құрамасымен таныса аласыз. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!