Бокс
7 сәуір 14:33
 

Қазақстан боксшылары Әлем кубогі кезеңінде үш алтын алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан боксшылары Әлем кубогі кезеңінде үш алтын алды ©Kazakhstan Boxing Federation

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

blog.share

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.

Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.

Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) италиялық Элен Лучия Аяримен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңді. Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) өзбекстандық Акмолжол Исроиловтан басым түсті.

Айта кетейік, үшінші орынға Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!