Бокс
4 қараша 09:50

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

©ҚБФ

22 қазан мен 3 қараша аралығы Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделік есепте бірінші болды, деп хабарлайды ҚБФ. 

Жігіттер мен бұрымдылар арасындағы 25 салмақта қазақстандық боксшылар 17 жүлде жеңіп алды (6-1-10) және өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші болды.

Бұл турнирде Боранбек Бексұлтан (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг), Санжар-Әлі Бегалиев (75 кг), Елянұр Тұрғанова (50 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) алтын алды.

Жалпы жүлделік есеп:

Қазақстан - 6 алтын, 1 күміс, 10 қола;
Өзбекстан - 5 алтын, 5 күміс, 3 қола;
Ресей - 5 алтын, 2 күміс, 1 қола;
Қытай - 3 алтын, 3 күміс, 4 қола;
Ирландия - 3 алтын;
Түркия - 1 алтын, 2 күміс, 3 қола;
Солтүстік Корея - 1 алтын, 1 күміс;
Мексика - 1 алтын, 1 қола;
Әзірбайжан - 2 күміс, 3 қола;
Куба - 2 күміс;
Нейтралды атлеттер құрамасы - 2 күміс, 1 қола;
Иран - 1 күміс, 2 қола;
Колумбия - 1 күміс;
Испания - 1 күміс;
Пуэрто-Рико — 1 күміс;
Франция - 1 күміс, 1 қола;
Польша - 3 қола;
Армения - 3 қола;
Венесуэла – 2 қола;
Қырғызстан - 2 қола;
Грекия – 2 қола;
Тунис – 2 қола;
Румыния – 2 қола;
Сербия – 1 қола;
Беларусь – 1 қола;
Жаңа Зеландия – 1 қола;
Болгария – 1 қола;
Марокко – 1 қола.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport