Бокс
15 сәуір 14:34
 

Қазақстан Бакудегі турнирде екі алтын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Бакудегі турнирде екі алтын жеңіп алды ©ҚБФ

Қазақстандық бұрымды боксшылар Әзірбайжанда өтіп жатқан бокстан "Жібек жолы" атты халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық бұрымды боксшылар Әзірбайжанда өтіп жатқан бокстан "Жібек жолы" атты халықаралық турнирде екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалға үш боксшы жеткен

54 келідегі финалда қазақстандық Элина Базарова ресейлік Дарьея Пантелееваны төрешілердің бөлек шешімімен жеңді - 4:1. Осылайша, Базарова турнирдің алтынын алды, ал ресейлік боксшы күміс жүлдегер атанды. 

Ал 52 келідегі шешуші айқаста қазақстандық Анжа Сәдуақасова ринг қожайыны Зейнаб Рахимовоға есе жіберді  1:4. Осылай, Анжа күміс жүлдегер атанды. 

57 келідегі финалдық кездесуде Қазақстан құрамасынан Виктория Байдукова ресейлік Дарья Абрамованы жеңді де, қоржынға екінші алтынды салды. 

Жалпы тоғыз жүлде

Осылайша, қазақстандық бұрымды боксшылар "Жібек жолы" турнирін тоғыз жүлдемен аяқтады. Базарова мен Байдукова алтын, Сәдуақасова күміс жүлдегер. Тағы алты боксшымыз қола жүлде иеленді: Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Томирис Мырзақұл (52 кг), Сымбат Әлиасқар (54 уг), Азиза Исина (70 кг) және Дина Исламбекова (+81 кг).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!