Қазақстан Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында екінші алтын жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.
60 келідегі финалда қазақстандық Алексей Хаванцев үндістандық Сагара Джахарадан басым түсті. Үш раунд қортындысы бойынша қазылардың бәрі жеңісті Хаванцевқа берді - 5:0 (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 29:28).
Еске салайық, бұған дейін бұл турнирде 54 келіде өнер көрсететін Аяжан Сыдық алтын алған болатын.