"Аренада төреші, қарсылас пен сен ғана, бұлай өзіңді жайсыз сезінесің. Бос қалған стадион мені ынталандырмайды, сондықтан, бәрі біткенін күте тұрамын. Жаттығуымды тоқтатпадым, сондықтан еш қиындықсыз ораламын.
Талай сапррингте болдым, ол да көңілсіз. Мен көрермен барда ғана жайнаймын. Басқа боксшыларда қалай екенін білмеймін. Мүмкін бұл көпшілік алдында жұдырықтасып көрмеген, енді бастап келе жатқан жас жігіттерге қолайлы шығар", - дейді Хан Boxingscene.com порталына берген сұхбатында.
33 жастағы Амир Хан 2019 жылы Сауд арабиясында өткен кейінгі жекпе-жегінде аустралиялық экс-чемпион Билли Дибаны (46-6, 26 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша, британиялық боксшы жартылай орта салмақта WBC International титулын жеңіп алды.
Әлемнің бұрынғы чемпионы Амир Хан қазақша сөйлеп видео түсірді