Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының боксшысы шешуші айқаста италиялық Ирма Тестаға төрешілердің ортақ шешімімен есе жіберді.
Қалай дегенмен бұл Карина үшін карьерасындағы ең жақсы көрсеткіш болды. Мұның алдындағы екі әлем біріншілігінде - 2018 және 2022 жылдары Ибрагимова қола жүлдегер болған. Сонымен қоса, ол Азия чемпионы екенін айта кетейік.