"Қазақ стилі...". Атақты америкалық менеджер Жәнібектің жекпе-жегі туралы
Украиналық Василий Ломаченко (15-2, 11 КО) мен ресейлік Сергей Ковалевтің (34-4-1, 29 КО) ісін жүргізетін тегі литвалық менеджер Эгис Климас қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) әлемнің бұрынғы чемпионы Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлімханұлы өткен түнде тамаша жекпе-жек көрсетті, бұрынғы чемпионнан толық басым болды, қазақша стиль", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.
Еске салайық, Әлімханұлы өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінде жұдырықтасты. Алтыншы раундта ол Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізіншіден кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Жәнібек орта салмақ чемпиондарын айқасқа шақырды.
Жарнама