Бокс
8 маусым 2020 11:37
 
"Қазақ шамамның шегін көрсетеді". Еуропа чемпионы GGG-мен жекпе-жекке дайындығы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Қазақ шамамның шегін көрсетеді". Еуропа чемпионы GGG-мен жекпе-жекке дайындығы жайлы Сурет: sport.onet.pl

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) тамыздағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Ringpolska.pl.

- Геннадий Головкинмен IBF титулы үшін жекпе-жек өтеді деген үміттеміз. Осыған дейін карьераңызда мұндай маңызды кездесу болмады.

- Шынын айтсам, көп жекпе-жегіме көңілім толмайды. Дайындықта немесе рингте көп қателік жіберетінмін. Көбін ноаутпен аяқтау керек едім. Екінші жағынан солай болу керек те шығар...

- Неге бәрі ойдағыдай емес?

- Жеті жылдай бапкер Федор Лапинмен жаттықтым, сол кезде ғана дағдыларымды жетілдіріп, дамып келе жатқанымды сезіндім. Әуесқойда тым салғырт едім. Командам болмады. Бүгінде ең мықты бапкер, массажистер, диетологтар қасымда... Жаттығулардан барынша нәтиже көре аламын, Головкин де рингте бар күшімді салуға мәжбүр етеді. Оған қуаныштымын, өйткені ол қазақ маған шамамның шегі қайда екенін көрсетеді. 

- Сарапшылар мен көреремендердің көбі сізде мүмкіндік жоқ деп ойлайтынына зығырданыңыз қайнамай ма? 

- Мен үшін жақындарым не ойлайтыны маңызды. Қымбатты әйелім, балаларым, үш жастағы Бартек пен алты айлық Амелька, жақындарым мен достарым... Олар маған сенеді, олай болса, маған бәрі сенеді. Одан кейін Головкинге қарсы жекпе-жекте әлі ешкімді де басымдығы бар деп айтқан емес, дұрыс па?", - дейді Шеремета. 

Жарнама

Живи спортом!