"Қазақ патшасы" WBO титулы үшін жеңілмеген ирландиялық боксшымен жекпе-жекке шығады
Жеңіл салмақтағы қазақстандық проспект Виктор Коточиговтың (12-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақтағы қазақстандық проспект Виктор Коточиговтың (12-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Коточигов рингке 19 ақпан MTK Global компаниясының Ұлыбританияда ұйымдастыратын бокс кешінде шығады. Оның қарсыласы ирландиялық Гэри Калли (11-0, 5 КО). Он раундқа есептелген жекпе-жекте WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионының белбеуі сарапқа салынады.
? TITLE FIGHT ?@BoxerCully to face Viktor Kotochigov for the vacant WBO European lightweight title ?
— MTK Global ? (@MTKGlobal) December 7, 2020
DETAILS ➡️ https://t.co/F3Vl0c9Zcr#MTKFightNight
? Feb 19
? @espn+ / @IFLTV #TeamMTKGlobal pic.twitter.com/KSHkB1Fn7p
Айта кетейік, MTK Global компаниясында боксшы "Қазақ патшасы" лақап атын иеленген.
Коточигов кейінгі жекпе-жегін қазан айында Дубайда өткізіп, төрешілер шешімімен британиялық Макси Хьюзге (22-5-2, 4 КО) есе жіберген болатын. Осылайша, карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейін WBC International титулынан айырылды.
Калли болса тамызда Саут-Киркби (Англия) қаласында жұдырықтасып, сегіз раундтық кездесу қорытындысы бойынша Крэйг Вудраффты (10-6, 4 КО) жеңді.
Жарнама