Қазақ нокаутшыны Головкиннің бұрынғы бапкері жаттықтыра бастады

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр.
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр.
Instagram Ахмедов залда жаттығып жатқан видеосын жариялапты. Видеода Ахмедовке Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері - Абель Санчестің көмектесіп жүргенін де байқауға болады.
Қазір Ахмедовтің ісін промоутер Том Леффлер жүргізеді, кезінде ол да GGG-мен жұмыс істеген.
Қазақстандықтың келесі жекпе-жегі 13 желтоқсан Санта-Инеседе өтеді. BoxRec.com мәліметінше, қарсылас америкалық Рафаэль Игбокве (17-5, 7 КО).
Жарнама