Қазақ нокаутшы мексикалық боксшыны бірінші раундта талдырды

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) Америкадағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыр салмақтағы қазақ боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) Америкадағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Панда" лақап атты қазақтың қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэда (21-18, 15 КО) болды. Орландо қаласында өткен айқас сегіз раундқа есептелген еді, алайда, кездесу біріншісінде аяқталды. Серік мексикалықты есінен тандырды.
Қазақ боксшы биылдыққа үшінші жекпе-жек өткізіп отыр. Енді Мұсаділовтің есебінде 14 жеңіс, оның он екісі нокаутпен.
Жарнама