Бокс
21 қазан 12:45
 

Қазақ нокаутшы америкалық чемпионмен айқасқа шығады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ нокаутшы америкалық чемпионмен айқасқа шығады ©instagram.com/sadriddin_____soq/

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (14-0, 12 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (14-0, 12 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. 

Ахмедов рингке 13 желтоқсан АҚШ-тың Санта-Инезе қаласында өтетін бокс кешінде шығады. Бұл кешті Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастрады. 

BoxRec.com мәліметінше, Садриддиннің қарсыласы Рафаэль Игбокве (17-5, 7 КО). Жекпе-жек орта салмақ лимитінде өтеді және он раундқа есептелген. 

Бұл Ахмедовтің АҚШ-тағы екінші айқасы, тамызда өткен бірінші жекпе-жегінде ол жергілікті Антонио Тоддты (17-11, 9 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Игбокве 2020 жылы Америка бокс конфедерациясының чемпионы болған, ал 2023 жылы "өзбекстандық Головкин" атанып кеткен Исраил Мадримовпен (9-0-1, 6 КО) жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!