Бокс
1 қыркүйек 13:03

Қазақ нокаутшы америкалық боксшыны бірінші раундта сұлатты

©Eye of the Tiger Management

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы бұл жолы америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) орта салмақ лимитінде жұдырықтасты. 

Садриддин бұл кездесуде қарсыласын бірінші раунд соңында нокаутқа түсірді. Алдымен Ахмедов америкалықты нокдаунға түсірді, артынша шабуылын үдетіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Бұл 26 жастағы Ахмедовтің 2022 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы айқасы. Ол карьерасында өткізген 14 айқасыны барлығында жеңіске жеткен, оның он екісі нокаутпен. Ал 30 жастағы Тодд осымен 11-рет жеңіліп отыр. 

Айта кетейік, бұл Садриддиннің АҚШ жеріндегі алғашқы жекпе-жегі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport