Қазақ нокаутшы АҚШ-тағы айқасы алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті
©instagram.com/sadriddin_____soq/
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) 14 желтоқсанда америкалық Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) жекпе-жекке шығады.
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) 14 желтоқсанда америкалық Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) жекпе-жекке шығады.
Бұл айқас АҚШ-тың Санта-Инезе қаласындағы Chumash Casinoв аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.
Бүгін қарсыластар жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, көз арбасты.
Ахмедов таразыда 72,03 келі тартты, ал Игбоквенің салмағы 71,21 келі болды. Орта салмақ лимиті 72,57 келіден аспауы керек.
Жарнама