Бокс
20 ақпан 13:31
 

Қазақ нокаутшы 28 қарсыласын сұлатқан "Танкпен" айқаспақ

  Пікірлер

blog.share

Қазақ нокаутшы 28 қарсыласын сұлатқан "Танкпен" айқаспақ ©instagram/gervontaa

"Нокауттардың қазақ патшасы" лақап атты жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зуырбек (19-0, 13 КО) жеңіл салмақта WBA чемпионы америкалық Джервонта "Танк" Дэвиспен (30-0, 28 KO) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

"Нокауттардың қазақ патшасы" лақап атты жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Зуырбек (19-0, 13 КО) жеңіл салмақта WBA чемпионы америкалық Джервонта "Танк" Дэвиспен (30-0, 28 KO) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Сұлтан филиппиндік Чарли Суарес (18-0, 10 KO) онымен уақытша чемпиондық атаққа таласқысы келтінін, алайда, бәрі Джервонтамен жекпе-жекті күтіп отырғанын айтты. 

"IBF өз міндетін тамаша атқарып жатыр. Мәселен, егер боксшы анық үміткер болса, оны міндетті түрде чемпионмен жекпе-жекке шығарады. Рейтингте менен жоғары тұрған Суарес уақытша чемпиондық атақ үшін айқас ұйымдастурды талап етуде, бірақ, бұл әлі толық шешілмеген мәселе. 

Бәрі менің Джервонтамен жұдырықтасқанымды күтеді, бірақ, ол жігіт менен екі дивизион жоғары. Мен өз салмағымда екі чемпионмен айқасқанмын, Джервонтамен жекпе-жек туралы сыбыс осыдан тарап кеткен шығар. 

Девис те адам, оның екі қолы мен екі аяғы ғана бар. Әрине, ол мықты нокаутшы, еңбекқор жігіт, алайда, жеңілмеген чемпиондар да құлайды. Сондықтан мен дайынмын", - деп береді Сұлтанның сөзін Sport+

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы қазіргі таңда Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде бесінші және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) тізімінде үшінші орында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!