Қазақ боксшының қарсыласын бір соққымен сұлатқаны жыл нокауты деп мойындалды
Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсыновтың (6-1, 5 КО) нокауты UBO тұжырымынша 2023 жылдың үздігі деп мойындалды, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсыновтың (6-1, 5 КО) нокауты UBO тұжырымынша 2023 жылдың үздігі деп мойындалды, деп жазады Vesti.kz.
Бұл нокаут Ыстамбұлдағы бокс кешінде болды. Асқат жергілікті боксшы Сердар Сиринді (4-2-1, 1 КО) екінші раундта құлатқан болатын.
"Қазақстандық Асқат Жантұрсынов бұрын жеңіліп көрмеген Сердар Сиринді екінші раундта ауыр нокаутқа түсіріп, UBO тұжырымынша Бүкілазиялық ауыр салмақ чемпионы атағын жеңіп алды.
Бұл сұмдық нокаут болды. Боксшыларға мұндайдан барынша абай болу қажет", - делінген ұйымның Instagram желісіндегі хабарламасында.
? ‼️ 2023 UBO AWARDS (7 of 10).
— UBO™ (@UBOboxing) January 3, 2024
Knockout of the Year: Askat Zhantursynov KO 2 Serdar Sirin.
Read More: ? https://t.co/yXTXuW4JSs#universalboxingorganization #UBO #boxing #boxeo #boxe pic.twitter.com/or532PBhMx
Жарнама