Қазақ боксшының Қанат Исламға тиесілі болған белбеу үшін айқасының күні белгіленді

Орта салмақтағы қазақ боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) WBO International титулы үшін жұдырықтасатын жекпе-жектің жаңа уақыты белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы қазақ боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) WBO International титулы үшін жұдырықтасатын жекпе-жектің жаңа уақыты белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қанат Ислам WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды
BoxRec порталының мәліметінше, бұл айқас 22 қаңтардан 5 ақпанға ауыстырылды, өтетін орны өзгеріссіз - Ақтау қаласында.
Мейірімнің қарсыласы ресейлік Андрей Сироткин. Жекпе-жек он раундқа есептелген.
Еске салайық, Нұрсұлтанов кейінгі рет 6 қараша Ақтауда жұдырықтасты. Сегіз раунд қорытындысы бойынша ол төрешілер шешімімен 33 жастағы белорус Дмитрий Атроховтан (16-12, 7 КО) басым түсті.
Жарнама