Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдегі алғашқы айқасын сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келідегі бірінші жекпе-жекте Жүсіпов ринг қожайыны Михаил Прокопьевті 5:0 есебімен таза жеңді.
37 жастағы Жүсіпов - әуесқой бокс ардагері. Ол әлем (2021) және Азия чемпионы (2013, 2019), WSB сериясының жеңімпазы (2015), Бүкіләлемдік әскерилер ойныдарында (2019) және әскерилер арасындағы әлем чемпионатында (2021) жеңіске жеткен. Сонымен бірге, Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы.
Жарнама