Бүгін, 2 қарашада Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында үш қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Күндізгі сессияда (Астана уақытымен 16:00) әлемнің вице чемпионы Серік Теміржанов (57 келі) түркмениялық Ихлас Гылычжановпен қолғап түйістіреді.
Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) өзбекстандық Руслан Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Ал кешкі сессияда (21:00-де басталады) әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Кумар Спаршпен жекпе-жекке шығады.
2022 жылғы АЧ финалы 11-12 қарашаға белгіленген.