Қазақ боксшылар Еуропаның ең көне турнирінде 8 алтын жеңіп алды

Сербиядағы Belgrade winner халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 13 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастап қайтты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Сербиядағы Belgrade winner халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 13 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастап қайтты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыста 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Биыл 62-рет өтіп отырған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан аталған жарысқа барлығы 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей жеңілді.
71 келі салмақта бақ сынаған Нұрбек Мұрсал жарыстың үздік боксшысы атанды.
Алтын алғандар:
Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
Жансері Көшербаев (60 келі)
Нұрбек Мұрсал (71 келі)
Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
Дәурен Мамыр (86 келі)
Нұрасыл Асылхан (+92 келі)
Күміс жүлдегерлер:
Бексұлтан Боранбек (54 келі)
Илья Калинин (67 келі)
Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
Ильяр Аширов (80 келі)
Ал Бекзат Мақжан (63.5 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, осымен 62-рет өткен бұл турнир Еуропадағы ең көне жарыс есептеледі.
Жарнама