24 тамыз Алматыда өткен бокс кешінде 24 жастағы Өзбеков 24 жастағы шымкенттік боксшы Ғалымжан Диханмен жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген болатын, алайда, біріншісінде нокаутпен аяқталды.
Осылайша, 19 жастағы Ғалымжан екі жекпе-жегін де нокаутпен жеңілді. Кәсіпқой карьерасын ол биыл ақпанда бастаған болатын. Ол кезде 29 жастағы Берікбай Нұрымбетовтен (5-1, 1 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.